«Соңғы қоңырау – 2026»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылащы ауылдық округі, Ж.Балапанов ауылы, Қызылащы орта мектебінде «Соңғы қоңырау – 2026» атты салтанатты іс-шара өтті. Мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан жас түлектер үшін бұл күн ерекше әсерге толы болды.

Салтанатты жиын барысында Қызылащы ауылдық округінің әкімі құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тілеп, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар ұстаздар мен ата-аналардың еңбегіне ризашылығын білдіріп, жастардың ел болашағы екенін ерекше атап өтті.

Мерекелік шараға мектептің 50 жылдық және 20 жылдық түлектері де арнайы қатысып, өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Кездесуге келген түлектер мектеп қабырғасындағы естеліктерімен бөлісіп, жас буынға ізгі тілектерін арнады.

Шара барысында оқушылар марапатталып, ән мен жыр орындалып, әсерлі сәттер көп болды. Түлектер ұстаздарына алғыстарын айтып, мектеппен қимастықпен қоштасты.

✨ Ақ жол, жас түлек!

Жаңа өмір жолында биік белестер мен жарқын жетістіктер серік болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1227667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version