Көкшетауда полиция қызметкерлері көлікті есірткілік мас күйінде басқарған жүргізушіні ұстады.
Оқиға таңертең Уәлиханов көшесінде болған. Патрульдеу кезінде полицейлер алдыңғы әйнегі жарылған Mercedes маркалы көлікті байқады. Тәртіп сақшылары көлік құралын тоқтатып, жүргізушіге автокөлікті пайдалану ережелерін бұзғаны туралы ескерту жасады.
Әңгіме барысында ер адамның мінез-құлқы полиция қызметкеріне күдікті болып көрінді: жүргізуші айтарлықтай қобалжып, өзін бір түрлі ұстаған. Полиция қызметкерлері оны мас күйінде болуы мүмкін деп болжаған, бірақ медициналық куәландыру бұл фактіні растамады.
Соған қарамастан, полиция жүргізушінің тілінің ерекше жасыл реңкіне назар аударып, есірткі қолдану тестін тапсыруды ұсынды. Ер адам ашуланып, бірақ процедураға келіскен. Жедел тест марихуананы қолданудың оң нәтижесін көрсетті. Қанның зертханалық зерттеуі денеде есірткі заттарының болуын растады.
Сот шешімі бойынша жүргізуші есірткілік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жауапқа тартылды. Оған 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1227888?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау