Жетісу облысында қоғамдық тәртіпті 600-ден астам полиция қызметкері қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының мектептерінде Соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған түлек үшін ерекше әрі толқынысқа толы күн өтті. Биыл өңірдегі 304 мектептің оқушылары алтын ұя мектебімен қоштасты. Бірі үшін бұл — балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басу болса, енді бірі үшін — жаңа белестер мен армандарға бастар алғашқы қадам.

Мерекелік іс-шаралардың тыныш әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде 600-ден астам полиция қызметкері қызмет атқарды. Тәртіп сақшылары мектептердің маңында, көшелерде және адамдар көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, басты мақсат — бұл маңызды күннің түлектердің жадында тек жарқын әрі қуанышты сәттермен сақталуы.

«Соңғы қоңырау — жай ғана мектеп мерекесі емес, әр бала өміріндегі маңызды кезең. Біздің міндетіміз — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мереке күндері ғана емес, күн сайын қоғам тыныштығын қорғау», — деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері түлектер мен ата-аналарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және үлкен өмірге қадам басқан сәттен бастап жауапкершілікті ұмытпауға шақырды.

Соңғы қоңырау — үміт пен арманға толы ерекше күн. Ал түлектер болашаққа жоспар құрып жатқан сәтте, полиция қызметкерлері Жетісу тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1227887?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version