Полиция ескертеді: «Соңғы қоңырау» мерекесінде балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаменті ата-аналар мен мұғалімдерге «Соңғы қоңырау» мерекесі кезінде түлектердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды.

Жасөспірімдердің бақылаусыз жиналуы, жалдамалы үйлерде отыруы, автокөлік кортеждерін ұйымдастыруы және көлік терезесінен немесе люгінен басын шығару, көлік үстіне отыру сияқты әрекеттері келеңсіз жағдайларға, жарақатқа әкелуі мүмкін.

Полиция ұсынады:
▪️ Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
▪️ Олардың қайда және кіммен жүргенін бақылауда ұстаңыздар;
▪️ Кәмелетке толмағандарға көлік басқаруға рұқсат бермеңіздер;
▪️ Жол қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріңіздер;
▪️ Мұғалімдер мен ата-аналар түлектермен үнемі байланыста болсын.

Полиция қызметкерлері мереке күндері күшейтілген режимде қызмет атқарады. Дегенмен, балалардың қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік.

https://www.instagram.com/reel/DYr8EpsspXY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1227381?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version