Құрметті түлектер, ұстаздар және ата-аналар!
Бүгін ауданымыздың барлық мектептерінде ерекше де толқынысқа толы Соңғы қоңырау күні. Түлектер үшін бұл тек оқу жылының аяқталуы ғана емес, бұл – үміт пен арманға, үлкен мүмкіндіктерге толы жаңа өмір кезеңінің бастауы.
Сіздерді осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз болашақ жетістіктеріңіздің берік іргетасы болсын. Әрдайым жандарыңыздан жақындарыңыздың қолдауы, достарыңыздың сенімі мен ұстаздарыңыздың ақылы табылсын.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге сүбелі үлес қосып жүрген ұстаздар мен ата-аналарға ерекше алғысымды білдіремін.
Қымбатты түлектер! Алдарыңызға биік мақсат қойып, өз күштеріңізге сеніммен қадам басыңыздар. Туған жердің абыройын асқақтатып, ел үмітін ақтайтын азамат болуларыңызға тілектеспін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, сәттілік пен жарқын болашақ тілеймін!
Аудан мәслихатының төрағасы Б. Ахметов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1227382?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау