ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «ӨЗ КӘСІБІНІҢ ҮЗДІГІ – 2026» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медицина қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасында өтетін «Өз кәсібінің үздігі – 2026» жыл сайынғы республикалық конкурсының жеңімпаздарын анықтайды.

Қазіргі уақытта республикалық кезең өткізілуде, оның шеңберінде өңірлік кезеңнің жеңімпаздарының арасынан Денсаулық сақтау министрлігінің конкурстық комиссиясы 17 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтап, оларға 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы тағайындайды.

Әртүрлі бейіндегі және қызмет салаларындағы медицина қызметкерлері келесі аталымдар бойынша марапатталады: «Үздік стационар дәрігері», «Үздік жедел көмек дәрігері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік акушер», «Үздік стационар мейіргері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері», «Үздік ауыл мейіргері», «Үздік фельдшер», «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы», «Үздік медициналық колледж оқытушысы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым», «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы», «Үздік провизор».

Конкурс медицина мамандықтарының беделін арттыру, мамандарды ынталандыру және денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, 2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шараларын көздейтін заңға қол қойған болатын.

Қабылданған заңға сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірлерге жұмысқа барған 1760 дәрігер әлеуметтік қолдау шараларын пайдаланды, олардың ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша 529 дәрігер 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы екі жылдың ішінде алғаш рет үздік дәрігерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілуде.

Өткен жылы медицина қызметкерлерін мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі алғаш рет 4,5 млрд теңгеден асты, ал 2024 жылы бұл бағытқа 2,2 млрд теңге бөлінген болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1227516?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version