25 мамыр – Соңғы қоңырау мерекесіне орай Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия білім ордасында салтанатты іс-шара өтті. Айтулы мерекеге Жамбыл облыстық мәслихаты төрағасы Абдалы Тоқбергенұлы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ақжарма тілегін арнады.
Мерекелік жиында сөз сөйлеген облыстық мәслихат төрағасы түлектерді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтап, олардың білім мен тәрбие жолында биік белестерді бағындырып, елдің дамуына үлес қосатын саналы ұрпақ боларына сенім білдірді. Сонымен қатар, жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беріп жүрген ұстаздарға және перзент тәрбиесіндегі ата-аналарға алғысын жеткізді.
Салтанатты шара барысында мектеп оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, әсерлі қойылымдар мен концерттік бағдарламаларын ұсынды. Түлектер үшін қимастық пен қуанышқа толы ерекше сәттер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl/press/news/details/1227508?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау