Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 18 мамыр мен 8 маусым аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан — бірге әрекет ететін уақыт” акциясы аясында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Акция барысында Қаратау аудандық полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары азаматтарға сталкинг, некеге тұруға мәжбүрлеу, психологиялық қысым көрсету және бопсалау әрекеттері үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді. Тұрғындарға құқықтық көмек алу жолдары мен сенім телефондары көрсетілген арнайы ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қандай да бір құқық бұзушылық немесе зорлық-зомбылық фактілері орын алған жағдайда дереу полиция органдарына хабарлауға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1227396?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version