Түркістан облысында “Мәңгілік тағзым” акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан қаласындағы Жеңіс саябағы аумағында қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмған ішкі істер органдары қызметкерлерін еске алуға арналған “Мәңгілік тағзым” акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас қызметкерлердің бойында патриоттық рухты қалыптастыру, Отанға адал қызмет ету қағидатын дәріптеу және кәсіби борышқа деген жауапкершілікті арттыру.
Тағылымды шараға Түркістан облысы ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы М.Асқаров, Түркістан облысы бойынша ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев бастаған ардагерлер, сондай-ақ жас сақшылар қатысты.
Жиналғандар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар жастарға өңірден шыққан батырлар мен қызмет барысында қаза тапқан әріптестердің ерлігі туралы тағылымды мәліметтер айтылып, тәрбиелік мәні зор кездесу өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1227397?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version