Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «Жаңа Конституция – бүгінгі өзгеріс, ертеңгі даму» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Департамент басшылығы, Шымкент қаласы мәслихатының, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының, прокуратура және адвокаттар алқасының өкілдері, сондай-ақ Департамент пен аудандық ТЖБ қызметкерлері қатысты.
Семинарды Департамент бастығы генерал-майор Қ.Б. Базарбаев ашып, шақырылған спикерлерге сөз берді.
Іс-шара барысында жаңа Конституцияны қабылдаудың маңыздылығы, референдумда қабылданған негізгі өзгерістер мен олардың мемлекеттік саясаттағы орны жан-жақты түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1227900?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау