2026 жылдың 22-23 мамыр күндері Зеренда ауылында балалар мен жасөспірімдер арасында Кекушинкай Каратэ-додан «ZERENDA OPEN» республикалық турнирі өтті. Турнир «Біз есірткіге қарсымыз» ұранымен ұйымдастырылды.
Жарысқа Астана, Алматы қалаларының, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақмола облысы командалары, сондай-ақ Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданы спортшылары қатысты.
Турнирге барлығы 240 спортшы қатысып, жоғары дайындық деңгейін, қайсарлық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1228239?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау