2026 жылғы 25 мамырда «ZOOM» мобильді қосымшасы арқылы Маңғыстау облысының дәріхана ұйымдары өкілдерінің қатысуымен түсіндіру кеңесі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №120 бұйрығымен бекітілген «Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін күшті әсер ететін заттардың тізбесіне» сәйкес, құрамында есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін заттар бар дәрілік заттарды рецепт бойынша өткізу талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар:
дәрілік заттарды есепке алу және сақтау тәртібі;
рецептуралық бланкілердің бекітілген нысандарын сақтау талаптары;
қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Департамент дәріхана ұйымдарын қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1228238?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version