2026 жылдың 25 мамырында медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов аудандық ауруханалармен және жеке медициналық орталықтармен Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына еңгізілген өзгерістер бойынша ZOOM-кеңес өткізді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен – «трансплантология» кіші түрін жаңа бейіндермен толықтыру бөлігінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан республикасының Заңына өзгерістер енгізілді:
1) адам ағзаларының трансплантологиясы (ағзасының бөлігін);
2) тіндердің трансплантологиясы (тінінің бөлігі);
3) консервацияланған мөлдірқабық тіні трансплантологиясы;
4) жасуша трансплантациясы, гемопоэтикалық дің жасушаларының аутологиялық транслпантациясы.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.
Атап көрсету керек, лицензия Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (тиісті мамандық бойынша) негізделген медициналық қызмет түріне беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1228142?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау