ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында вице-министр Ерболат Садырбаев бастаған ведомство басшылары американдық делегациямен кездесті. Жиын барысында авария кезінде трансформаторлардың жарылуы мен өртенуін болдырмайтын Fast Depressurization System (FDS) инновациялық технологиясы таныстырылып, оны отандық энергетикалық инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін арттыру үшін қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар техногендік қауіп-қатерлердің алдын алу саласындағы халықаралық серіктестікті дамытуға және өндірістік аймақтардағы қауіпсіздік стандарттарын жетілдіруге уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1228141?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау