Кездесу барысында аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және алдағы жоспарлар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, округ тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ауылдың өзекті мәселелері талқыланды.
Тұрғындар тарапынан жол жөндеу, ауыз су, көше жарығы, абаттандыру және әлеуметтік салаға қатысты сауалдар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Көтерілген мәселелер бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатыны айтылды.
Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1228225?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау