Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдиновтың Жыланды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және алдағы жоспарлар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, округ тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ауылдың өзекті мәселелері талқыланды.

Тұрғындар тарапынан жол жөндеу, ауыз су, көше жарығы, абаттандыру және әлеуметтік салаға қатысты сауалдар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Көтерілген мәселелер бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатыны айтылды.

Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1228225?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді