Аудан әкімі «мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шараға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов №202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектебінде өткен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шараға қатысып, ұстаздар қауымын, ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектерді 2025-2026 оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады.

«Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Сіздерді 2025-2026 оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: “Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет” деген болатын.

Шын мәнінде, ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім. Тек білім ғана адамға өмір жолын дұрыс таңдауға, өзіне деген сенімділік қалыптастыруға және биік белестерді бағындыруға мүмкіндік береді.

Біздің міндетіміз – балаларымызға дұрыс бағыт-бағдар беріп, егемен еліміздің білімді де білікті азаматы болып қалыптасуына жан-жақты жағдай жасау. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, мемлекеттік гранттарды жеңіп алуға ұмтылу – бүгінгі жас ұрпақтың басты мақсаты болуы тиіс.

Құрметті түлектер! Білім көкжиегіне қаққан қанаттарыңыз талмасын. Аудан басшысы ретінде де, ата-ана ретінде де Сіздердің асқақ армандарыңыздың орындалуына тілектестігімді білдіремін!», – деді аудан әкімі.

Мерекелік шара барысында мектеп бітіруші түлектерге ізгі тілектер айтылып, өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кетейік, биыл аудан бойынша 470 оқушы мектеп бітіріп отыр. Оның 414-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген. Сонымен қатар, 20 түлек «Алтын белгіге» үміткер болса, 42 оқушы «Үздік аттестатқа» ұсынылған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/news/details/1228689?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version