Ұрпақтар сабақтастығы – игі дәстүрдің көрінісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алға қаласындағы №3 қазақ орта мектебін осыдан 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер туған білім ордасына ерекше тарту жасады.

Мерейлі жылдықтарына орай, олар мектепке жаңа музей сыйға тартып, өскелең ұрпаққа тағылымды үлгі көрсетті.

Мектеп музейінде білім ордасының тарихы, қол жеткізген жетістіктері, ардагер ұстаздар мен әр жылдардағы түлектердің естеліктері жинақталып, мектептің өткені мен бүгіні насихатталатын болады.

Осындай игі іске ұйытқы болған азаматтарға мектеп ұжымы мен оқушылар қауымы зор алғысын білдіреді.

Алтын ұя мектебіне деген шынайы жанашырлық пен қамқорлық – кейінгі буын үшін өнегелі іс екені сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1228688?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version