Тоқмансай орта мектебінде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған “Күміс қоңырау” салтанатты шарасы жоғары деңгейде өтті. Мерекелік жиынға арнайы құрметті қонақтар қатысып, түлектер мен оқушыларға жүрекжарды тілектерін арнады.
Шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, ұстаздарына гүл шоқтарын сыйлады. Ата-аналар да жылы лебіздерін білдіріп, мектеп ұжымына алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар, мектеп директоры оқу жылының қорытындысына тоқталып, түлектерге ақ жол тілеп, ізгі тілегін айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tokmansay/press/news/details/1228687?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау