ТҮЛЕКТЕР ТАРТУЫ – ТУҒАН ЖЕРГЕ ҚҰРМЕТТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектептің 2006 жылғы түлектері туған жерге деген құрмет пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, Аманкелді ауылының кіреберісіне жаңа сәнді қақпа орнатып, ауыл тұрғындарына тарту етті.
Игі іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат депутаты Руслан Каскиев, ауыл ақсақалдары, тұрғындар және түлектер қатысты.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы көпке үлгі боларлық игі іске ұйытқы болған түлектерге ризашылығын білдіріп, олардың туған жерге деген жанашырлығы мен елге деген сүйіспеншілігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, мұндай сауапты бастамалардың жас ұрпаққа өнеге екендігін жеткізді.
Іс-шара аясында аудан басшысы игі іске бастамашы болған түлектерді Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары мен ардагерлер түлектерге ақ баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Құрметті қонақтардың қатысуымен жаңа қақпаның лента қию рәсімі өтіп, ауылдың ажарын айшықтай түскен жаңа нысан ел игілігіне пайдалануға берілді.
Аманкелді а/о әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1228686?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version