Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.05.2026 – 01.06.2026
Қабылдау 1 этап: 29.05.2026- 01.06.2026
Қабылдау 2 этап: 02.06.2026
Практикалық бағалау: 03.06.2026
Анықтама телефоны: 87153521426
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы, (уақытша негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысы кезеңіне 2027 жылғы 10 қантарына дейін), E-R-4, (Лауазым мәртебесі: уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» (Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер) және Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру, «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету, «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау», мемлекеттік қызметтерін көрсету.
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне сәйкес мемлекеттік органның негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және «Е-өтініш» базасындағы жұмысты қарайды. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес «Е-лицензиялау» базасындағы жұмыс
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес «Е-лицензиялау»базасындағы жұмыс
Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдарға кеңестерге материалдар мен ақпараттар дайындау;
Жер қатынастары саласындағы нормаларды, қағидаларды қолдану мәселелері бойынша түсініктемелер береді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыларға жер заңнамасының нормаларын қолдану мәселелері бойынша консультация береді;
Жалға алу шартын, сервитут шартын, жер учаскелерін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасу
Жер учаскелерін жалға алу шарттарын мерзімінен бұрын бұзу туралы, жалға алу шарттарына өзгерістер енгізу туралы, жер учаскелеріне жалдау шарттарының бір бөлігін мерзімінен бұрын бұзу туралы келісімдер жасасу
бойынша жұмыс жүргізу.
Жылдық жер салығы мен жер учаскесі үшін жалдау ақысының есебін өндіреді;
Жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану құқығы (сервитут) үшін төлемнің есебін өндіреді;
Мемлекет меншігіндегі жер учаскесін жалға алу құқығын сату төлемін анықтау актісін есептейді;
303202 коды бойынша кірістерді талдау (жерді жалға беру құқығын сату үшін төлем);
Өз құзыреті шегінде сот орындаушылардан, адвокаттардан сұрау салуға мәліметтер ұсынуға міндетті.
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы қаулыларының жобаларын дайындайды.
НҚА жобаларын әзірлеу( аудан әкімдігінің номативтік қаулылары, аудан мәслихатының шешімдері), нормативтік құқықтық актілердің жобаларын “Ашық НҚА”порталында орналастыру
Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдардың сұрауларына, оның ішінде прокуратураның анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынысына жауаптар дайындау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды тұрақты негізде жүргізу;
СҚО МКД Тайынша ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына тоқсан сайын есеп беру.
Иесіз жер учаскелерін анықтау және есепке қою жұмыстарын ұйымдастыру.
Талап арыз беру, жер қатынастары бөлімінің қызметіне байланысты сот процестеріне қатысу.
Тоқсан сайын жер қатынастары саласында аудандық мәслихат қабылдаған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне құқықтық мониторингті жүзеге асыру.
Тексеру комиссиясының жылдамдық бойынша аудиторлық іс-шараны жүргізуге қажетті материалдарды дайындау және ұсыну
Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық (заңдық) қамтамасыз етуді жүзеге асыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының жер және өзге де заңнамасын сақтау мәселелері бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқықтану, кадастр, геодезия және картография, мемлекеттік және жергілікті басқару, жерге орналастыру, жерге орналастыру, құқық, геодезия және картография, жерге орналастыру
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tayinsha-ozo/press/news/details/1228786?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау