ХАБАРЛАНДЫРУ
мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Қаратөбе ауданы әкімдігі тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың туындау қаупінің алдын алу және авариялық қауіпті обьектілерді жою мақсатында мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін және оларда орналасқан жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.
Иеліктен шығарылатын жер учаскелері мына мекенжайда орналасқан: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі Қаратөбе ауылы Ғ.Құрманғалиев көшесі № 30 үй (бұрынғы мекенжайы Ғ.Құрманғалиев көшесі № 4, екіқабатты көппәтерлі үй)
Негізі: Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «25» мамырдағы № 103 «Мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысы
Жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылары келісу рәсімдерін жүргізу және қажетті құжаттарды ұсыну үшін Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі Қаратөбе ауылы Ғ.Құрманғалиев көшесі № 12 мекенжайы бойынша орналасқан «Қаратөбе аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – не жүгіну қажет.
Байланыс телефоны 8 (711) 45 31184
Иеліктен шығарылатын мүліктің құнын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1228557?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау