Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркенов 2026 жылғы 26 мамырда Қорғалжын аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысып, онда Қорғалжын ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.
Қорғалжын аудандық мәслихатының сессиясында тиісті баяндама жасаған аудан әкімі Алин Алмас Аянович болды.
Депутаттардың назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Қорғалжын ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепке әзірленген қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Сондай-ақ бюджет атқару барысында орын алған кемшіліктер көрсетілді.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.
Жалпы алғанда, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1228559?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау