Кене энцефалитіне қарсы вакцинация

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кене энцефалитін алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Екпелер дәрігердің кеңесінен кейін тұрғылықты жері бойынша емханаларда жасалады. Вакцинация табиғи жағдайларда жұмыс істейтін адамдар мен кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақтарда тұратын тұрғындар жатады.

 

Қаладағы медициналық ұйымдарда ТикоВак вакцинасы (өндіруші – Бельгия) бар. Вакцина 16 жас және одан асқан адамдарға кене энцефалитіне қарсы белсенді иммундау үшін ұсынылады. Вакцинацияның бастапқы курсы үш дозадан тұрады.

 

Көктемде кенелердің белсенді кезеңі басталғанға дейін иммунитетті қалыптастыру үшін бірінші және екінші дозаны қысқы айлары кезеңінде 1 айдан 3 айға дейінгі аралықта жүргізген жөн. Үшінші дозаны екінші дозадан кейін 5 – 12 ай аралығында салдыру қажет. Ревакцинация үшінші дозаны енгізгеннен кейін үш жылдан кейін жүргізіледі. Одан кейінгі ревакцинация 60 жасқа дейінгі адамдарға бес жылдан кейін, ал 60 жастан асқан адамдарға үш жылдан кейін жүргізіледі.

 

Қыста екпе алуға үлгермеген адамдар үшін шұғыл егу схемасы қарастырылған. Ол арасы екі апта интервалмен екі екпеден тұрады. Табиғи ошақтарға шығуға дейін кене энцефалитіне қарсы толық екпе курсын екі апта бұрын аяқтау қажет.

 

Кене энцефалитіне қарсы вакцинация және кенелердің шағуы бойынша Алматы қаласының тұрғындары 1312 сенім телефонына хабарласып, кеңес алуларына болады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1228494?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version