Ұрланған малды жеңіл көліктің салонында тасымалдаған: ШҚО-да мал ұрлығы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Шығыс Қазақстан облысында “Бекет” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері мал ұрлығы фактісінің жолын кесті.

     Майқапшағай – Зайсан тасжолын патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары 43 жастағы ер адам тізгіндеген Mitsubishi Galant автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында салоннан ілеспе құжаттары жоқ төрт бас ұсақ мал табылды.

     Тексеру нәтижесінде аталған малдың жергілікті тұрғыннан ұрланғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті малды кейіннен сату мақсатында алып кетпек болған, алайда полиция қызметкерлері жолын кесті.

     Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұрланған мал тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1228495?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version