2026 жылғы 22 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Заң мен тәртіп» жобасы аясында А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға:
1. «Менің құқықтарым мен міндеттерім»
2. «Құқық бұзушылықтың алдын алу»
3. «Буллингке жол жоқ»
тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі де қатысып, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мен тәртіпті сақтау мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру — қоғамның жарқын болашағының кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1228425?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау