“Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық, энтеровирустық этиологияның серозды менингиттері және бруцеллез инфекциясы бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу” тақырыбында облыстық семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҮГІН, 26 мамырда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде “Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық, энтеровирустық этиологияның серозды менингиттері және бруцеллез инфекциясы бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу” тақырыбында ZOOM режимінде облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері мен қалалар мен аудандардың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.

Семинарда баяндамашылар жіті ішек инфекцияларымен серозды менингиттері бойынша сырқаттанушылық, Қазақстан Республикасындағы және Қарағанды облысындағы бруцеллез инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, инфекциялардың клиникасы, диагностикасы, материалды алу және зертханаға жеткізу ережелері туралы сұрақтары баяндалды.
Жедел ішек инфекцияларының алдын-алудың ерекше маңыздылығы атап өтілді, әсіресе эпидемиологиялық маусымда. Медициналық ұйымдардың назары ішек инфекциясы белгілері бар науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсетуге, дифференциалды диагностика жүргізуге, жағдайларды есепке алуға және тіркеуге аударылды.
Семинарға қатысушылар инфекцияның таралуын болдырмау үшін, әсіресе ұйымдасқан ұжымдарда энтеровирустық инфекцияның серозды менингиттері, бруцеллез инфекциясы бойынша эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, серозды менингиттері мен бруцеллез инфекциясының клиникасы, диагностикасы және емдеріне медицина қызметкерлерінің назары аударылды.
Жіті ішек инфекциялары, серозды менингиттері және бруцеллез инфекциясы бойынша эпидемиологиялық саламаттылықты қолдау мақсатында халық арасында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жургізу мәселелері де талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1228424?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version