2026 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Аймаганбетов Жанабай Үсембайұлы «TENGE OIL & GAS» ЖШС басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер және өндірістегі қауіпсіздік талаптары талқыланды.
Сонымен қатар, Департамент басшылығы тарапынан жұмыс берушіге:
– еңбек шарттарын Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне уақытылы енгізу;
– жаңадан қабылданған әрбір қызметкермен еңбек шартын заңнама талаптарына сәйкес дер кезінде рәсімдеу;
– қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамту;
– еңбек саласындағы цифрландыру жұмыстарын күшейту бағытында тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1228025?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау