АУДАНДА 2353 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️ Бүгін Ордабасы ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шаралары өтті.
⚜️ Аудан әкімі Азат Оралбаев Темірлан ауылындағы Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде өткен мерекелік жиынға қатысып, мектеп бітіруші түлектерге ақжарма тілегін арнады.
⚜️ Салтанатты шара барысында аудан басшысы ұстаздар қауымын, ата-аналар мен түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бұл күннің әрбір шәкірт үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
– Бүгін – мектеп бітіруші түлектердің өміріндегі маңызды әрі жауапты кезең. Бұл – шәкірттің үлкен өмірге қадам басар сәті, ұстаз еңбегінің жемісі мен ата-ана сенімінің ақталған күні.
Биыл аудан бойынша 2353 оқушы 11-сыныпты тәмамдап отыр. Оның ішінде 113 оқушы «Алтын белгіге», 256 оқушы үздік аттестатқа үміткер. Сонымен қатар, 3299 оқушы 9-сыныпты аяқтап, олардың 407-сі үздік аттестатқа үміткер атануда. Бұл – ауданымыздағы білім сапасының артып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш, – деді аудан әкімі.
⚜️ Сонымен қатар, аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына қатысты тапсырмаларына тоқталып, жас түлектерді ел болашағына адал қызмет етуге шақырды.
Сондай-ақ алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде түлектерге сәттілік тілеп, ұстаздар мен ата-аналарға өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.
⚜️ Мерекелік шара барысында оқушылар ән шырқап, бітіруші түлектер арнайы вальс биін орындады. Салтанатты жиын соңғы қоңырау үнімен қорытындыланды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1228026?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version