ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ: ОҚУШЫЛАР ҮШІН ҚАУІПСІЗ ЖАЗ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы демалыс қарсаңында, балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері Қостанай қаласы білім бөлімінің «Физика-математика лицейі» КММ оқушылары үшін кешенді оқыту іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараға Қостанай облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының, Жедел-құтқару жасағының, Қостанай қаласы ТЖ басқармасының мамандары, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша «Апаттар медицинасы орталығы» РММ қызметкерлері қатысты.

 Сабақ барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары,жазғы кезеңдегі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі түсіндірілді.

 Алдын алу сабақтары, түсіндіру әңгімелері және практикалық көрсетілімдер өткізіліп, жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталды.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1228997?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version