«Жігіттің жеті қыры» атты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 мамыр күні Басқарманың «Атамекен» жобасы аясында діндар жамағат арасында «Жігіттің жеті қыры» атты іс-шара өтті. Жалпы қатысушылар саны — 40 адам, сайысқа қатысушылар саны 20 адам.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шара аясында әр тапсырма ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпына негізделіп, ұлттық спорт түрлерінен күш сынасумен жалғасын тапты.

Қатысушылар тек күш пен ептілікті ғана емес, сонымен қатар тапқырлықты, ұлттық мұраға деген құрметті, ауызбіршілік пен өзара қолдауды көрсете білді.

Мұндай шаралар бауырмалдықты, бірлікті және отанға, ұлтқа, рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1228511?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version