АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕРІ ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткен аудан әкімінің халықпен есепті кездесулері Қажымұқан ауыл округінде қорытындыланды. Кездесу барысында аудан әкімі Азат Оралбаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндап, тұрғындармен ашық пікір алмасты.
✅ Жиында Қажымұқан ауыл округінің аудан орталығында орналасқан, әлеуеті жоғары әрі қарқынды дамып келе жатқан аумақтардың бірі екені атап өтілді. Аудан басшысы округтің келбеті мен даму деңгейі ауданның жалпы тыныс-тіршілігін айқындайтынын айтып, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы қажеттігін жеткізді.
✅ Кездесу барысында соңғы жылдары жүзеге асқан ауқымды жобалар мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер таныстырылды. Атап айтқанда, аудан көлемінде білім беру саласындағы жаңа ғимараттармен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткен. Жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға берілуде.
Денсаулық сақтау саласында фельдшерлік-акушерлік пункттермен қамту толық шешімін тауып, аудан орталығында перинаталдық орталықтың құрылысы басталғаны айтылды.
✅ Сонымен қатар Арыс өзені бойында заманауи аквапарк салу жобасы қолға алынбақ. Аудан әкімі бұл бастама ауданның туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, кәсіпкерліктің дамуына да серпін беретінін атап өтті.
Аталған жоба сырттан келетін туристер санын көбейтіп, ішкі нарықтың дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету саласының кеңеюіне, жаңа кәсіп түрлерінің ашылуына және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
✅ Жиында тұрғындар тарапынан өндіріс орындарын көбейту жөнінде де ұсыныстар айтылды. Осыған байланысты аудан басшысы биыл өндірістік парк іске қосылатынын жеткізді. Сонымен қатар өндірістік парк пен зауыттарда жаңа жұмыс орындары құрылатыны баяндалды.
✅ Аудан көлемінде әлеуметтік және спорт нысандарының құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, өнер мектебі пайдалануға беріліп, жаңа бассейн, спорт кешені және ашық теннис корты ел игілігіне ұсынылмақ.
✅ Кездесу барысында мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен түсіндірілді. Пилоттық жоба аясында шаруаларға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіп бастауға қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды.
Ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аудан көлемінде тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері енгізіліп, бұл бағытта мемлекет тарапынан шаруалардың шығындарының 80 пайызға дейінгі бөлігі субсидиялануда.
✅ Алдыңғы кездесулерде көтерілген мәселелерге тоқталсақ, балалар ойын алаңшаларын салу, арықтарға лоток орнату, Самал мөлтек ауданын абаттандыру және Қажымұқан музейіне апаратын жол салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жеткізілді.
Сонымен қатар аудан әкімі «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, туған жердің тазалығы мен көркеюі әр тұрғынның жанашырлығынан басталатынын атап өтті.
✅ Кездесу барысында тұрғындар тазалық мәселесі, Ынтымақ көшесіне аяқ жол мен көше жарығын орнату, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін реттеу, Амангелді көшесіндегі қаңғыбас иттер мәселесін көтерді.
Ауыл округі әкімі бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда екенін және тиісті шаралар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын баяндады.
✅ Сондай-ақ Қажымұқан көшесіндегі ойылған асфальт мәселесіне қатысты тұрғындардың өтініші назарға алынып, жауапты бөлім басшылары «КХ-15» және «Оңтүстік ГП» мекемелері тарапынан келесі аптада жөндеу жұмыстары басталатынын жеткізді.
✅ Есепті кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарына нақты жауап алды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1229068?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version