БАДАМДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔘Ордабасы ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның бірі — Бадам ауыл округінде жүзеге асырылып жатқан жол құрылысы жобалары.
🔘Аудан әкімі Азат Оралбаевтың Бадам ауыл округі тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде көтерілген өтініштердің бірі — Орда мөлтек ауданындағы көшелерді асфальттау мәселесі болатын. Тұрғындар ұсынысы назарға алынып, бүгінде ауыл округіне қарасты Пірмаханбетов және Шенгелов көшелерінде жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
🔘Аталған жобаға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан тиісті қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстарын «АДТ Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.
🔘Жалпы Бадам ауыл округіне қарасты 6 елді мекенде ұзындығы 89 шақырымды құрайтын 93 көше бар. Бүгінде оның 25 шақырымы тас жол болса, қалған бөлігі кезең-кезеңімен асфальт жабындысымен қамтылуда.
🔘Биыл Орда мөлтек ауданындағы 15 көшенің 7 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда оның екі көшесінде жұмыстар басталып, қалған 5 көшеге қатысты жобалар 2027 жылға өтпелі жоба ретінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
🔘Сонымен қатар Мамыр ауылында да инфрақұрылымдық жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, көше жарығы мен аяқ жол салу жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын көшеге асфальт төсеу жұмыстары басталмақ.
🔘Жалпы аудан көлемінде жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға басымдық берілуде.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1229069?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version