Балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі танымдық тұрғыда ұйымдастыру мақсатында, 2026 жылғы 26 мамыр мен 31 тамыз аралығында қазақстандық мектеп оқушылары үшін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты барлық музейлерге кіру тегін болатынын хабарлаймыз.
Бұл – жас ұрпақтың тарихи-мәдени мұрамызбен тереңірек танысып, рухани танымын кеңейтуге берілген тамаша мүмкіндік.
Барша оқушыларды қасиетті Түркістанның тарихи орындарын тамашалап, ұлттық құндылықтармен жақынырақ танысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1229070?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау