Түркістан қаласында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы рейтингтік индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы мен орындаушылық тәртіп мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиында экономика және қаржы бөлімінің басшысы Олжас Бөлегенов баяндама жасап, қаладағы рейтингтік индикаторлық көрсеткіштердің орындалу деңгейіне тоқталды.
Мәжіліс барысында қала әкімі құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларындағы нысандардың мемлекеттік тіркеу құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ туындаған мәселелерді уақыт созбай шешіп, жауапты бөлімдер арасындағы үйлесімді жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Жиында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қала басшысы Полиция басқармасы мен Білім бөліміне бірлесіп, қала көлемінде рейдтік іс-шараларды күшейтуді жүктеді.
Сонымен қатар, құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бексұлу Жәнібекқызы хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндама жасады. Жеке қабылдауларда көтерілген мәселелер мен халықпен кездесулер барысында берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері жөнінде баяндады.
Жиын қорытындысында қала әкімі орындаушылық тәртіпті күшейтуді, сондай-ақ тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1229071?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау