8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Нұра ауданының әкімі Б. Мұқановтың “Алғыс хатымен” ауданның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне белсене қатысып жүрген Мұзбел ауылының мәдениет үйінің мәдени іс-шараларды ұйымдастырушысы – Қапан Бейбіт марапатталды.
Қапан Бейбіт – өз кәсібіне деген шынайы сүйіспеншілігімен, ұзақ жылдар бойы мәдениет саласында аянбай еңбек етіп, мәдени өмірінің жандануына өз үлесін қосып келеді!
Марапат иесін шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық пен береке тілейміз. Еңбегіңіз әрдайым еленіп, абыройыңыз арта берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-muzbel/press/news/details/1229052?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау