8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мұзбел ауылының әкімі А.К. Бекмагамбетова ауылымыздың ең егде жастағы тұрғындары – Пекарская Любовь Александровна және Сүйменова Катша әжелердің шаңырағына арнайы барып, жүрекжарды мерекелік құттықтауын жеткізді. Әжелерге аудан әкімінің құттықтау хаттары табысталып, ізгі лебіздер айтылды! Мереке қарсаңында жасалған бұл ізгі іс – ауылымыздың қадірлі аналарын құрметтеу болып табылады. Әжелеріміздің ақ батасы, күлісі мен жылы сөзі бізге шабыт беріп, жүректерімізді жадыратады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-muzbel/press/news/details/1229053?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау