Ақшатау кенті әкімінің 2025ж атқарылған және 2026ж атқарылатын жұмыстары туралы есебі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткен жылы атқарылған және осы жылы атқарылатын жұмыстары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер!

Ауылшаруашылығы саласы бойынша:

Кент округі бойынша  бүгінгі күні 37 шаруа қожалығы тіркелген. 2025 жылдың II-жартыжылдығында   ірі қара саны – 3444 бас, қой-ешкі саны – 4456 бас, жылқы саны 5890–  басты құрады, түйе-11 бас. Өз кәсібін кеңейту мақсатында 5 /бес/ шаруа қожалығы ауыл шаруашылық техникасы трактор сатып алды. 1 шаруа қожалығы косилка мен пресс подбировщиик сатып алды. 2025 жылы 5 жұмыс орнын құра отырып, 74 млн.750 мың.тг. инвестициялық жобалары жүзеге асырылды. Жылдың басынан жеке меншік жылқы малын бағу ұйымдастырылды. Мал иелерімен  келісімшарт жасалды.   Шөп шабатын шаруа қожалық жетекшілерімен меморандум жасалып, шөптің бағасы  15000-нан 12000-ға (орта баға) түсті.

– Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша:

2025 жылдың басында Ақшатау кентіндегі қоқыстарды, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі қызметтерге 3 млн.тг қаржы бөлініп, «Байдаулет» ш/қ көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты бойынша жұмыстар жүргізілді. 2026 жылға қоқыс шығаруға қаржы бөлінген жоқ, сұраныс берілмекші.

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ауылымызда біршама тазалық жұмыстары атқарылды, айта кетсек, сылау, сырлау, ауыл іші, сыртын тазалау, трасса бойын тазалау жұмыстары жүргізіліп, округтегі барлық мекеме қызметкерлері жұмылдырылды.  Тұрғын үйлердің маңындағы қыстан шыққан күл-қоқыстар тұрғындардың өз күштерімен шығарылды. Шығарылмаған 1-2 үйдің қоқыстарын шығаруға ДЭУ мекемесіне сұраныс жасалмақшы.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою шаралары бойынша:

 Су тасқының алдын алу жұмыстарын атап өтсек кент бойынша күнделікті 14 суағар құбырлары тазартылып, мұздары ойылды.

Ақшатау кенті округіне қарасты Таңатбай су қоймасы бөгетіне ағымдағы жылы көктем айларында ешқандай қауіп болған жоқ. Алайда сақтық шаралары жасалып,  жағдайдың алдын-алу мақсатында 300 қап инертті материалдар дайындалды.

– Құрылыс жұмыстары бойынша:

2026 жылдың наурыз айының басында  Жарылғап батыр ауылындағы  фельдшерлік акушерлік пункт қолданылуға берілді. 1 медбике, 1 санитар, 1 күзетші жұмыс істеп отыр.   Сонымен қатар ДЭУ құрылысы жұмыстары 2025жылдың соңында  аяқталып, 2026 жылдың бастап жұмысын бастады.

Коммуналдық сала бойынша:

2025 жылдың желтоқсан айында Қарғалы ауылында суды блок-модульдік тазарту кешенін дайындау және орнату бойынша жұмыстар ашық конкурспен «Qeruen XXI» ЖШС-і құрылыспен байланыста емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалып, жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 23 млн.тг блок-модульдік кешен орнатылды. Сонымен қоса Қарғалы ауылында 2025 жылдығ қараша айында «Jusan Mobil» компаниясы интернет орнатып, нәтижесінде бүгінгі күнге Watsap желісімен байланыс жұмыс жасап тұр.

008 бағдарлама – Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру:

Жалпы 7500,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

 2500,0 мың теңге – «Ақшатау кентінің көшелерін жарықтандыру бойынша қызметтер» (Көше жарығына ақы төлеу).

Жеткізуші: “Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

5000,0 теңге – «Жарылғап батыр ауылында және Ақшатау кентінде көше тіректері мен шамдарын ауыстыру және орнату жұмыстары».

Жеткізуші: Мердігер Ш/Қ “БАЙДАУЛЕТ” жұмыстары осы мамыр айының соңында бастайды.

 

011 бағдарлама – «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру»

500,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

278,4 – «Баннер жасау бойынша қызметтер»

Жеткізуші:”BAQ – Bereke KZ” мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестігі.

 

013 бағдарлама – «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бюджеттік бағдарламасы» 32 500,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

750,0 – «Ақшатау кентіндегі Қарғалы ауылында қарды жинау бойынша жұмыстар»

Жеткізуші: ЖК Керей

1480,0 – «Ақшатау кентіндегі қарды жинау бойынша жұмыстар»

Жеткізуші: ЖК Кузня

900,0 – «Ақшатау кентіндегі Қарғалы ауылында жолды күтіп ұстау бойынша жұмыстар»

Жеткізуші: ш/қ Бағлан

25 863,0 мың теңге – «Ақшатау кентіне кірме жолды ағымдағы жөндеу»

Ашық конкурс тәсілімен бірыңғай ұйымдастырушы “Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі” мемлекеттік мекемесі арқылы ойнатылып жатыр, аяқталу мерзімі 05.06.2026ж. (хабарландыру нөмірі – 16788409-2).

 

– Халықты жұмыспен қамту бағыты, әлеуметтік сала:

Кенттегі жұмыссыз жастар салынып жатқан ДЭУ мекемесіне жұмысқа тұрғызылды.  ДЭУ құрылысына кентімізден әр түрлі  мамандық бойынша 30 адам резюме тапсырды, 2025 жылдың қазан айында жұмыс басталған уақытта 27 адам жұмысқа тұрғызылды. Әлеуметтік сала бойынша жалғыз басты қарт Сағымбаева Әмірайша апайдың есік алдындағы кіре беріс буткасының ескіруіне байланысты, ауыл азаматтарын ұйымдастыру арқылы буткасы жаңадан жасалып берілді. 1 Наурыз  «Алғыс айту» күні мерекесіне орай, кент округіндегі жалғыз басты  қарттарға кент әкімдігі тарапынан азық-түлік себеті таратылды

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshatau/press/news/details/1229242?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version