Жазғы демалыс қарсаңында ел аумағында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған “Абайлаңыз – балалар!” республикалық акциясы өтті.
– Құрметті азаматтар! Жазғы демалыс қарсаңында елімізде 18-25 мамыр аралығында балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алу және балаларда көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында “Абайлаңыз – балалар!” республикалық акциясы өткізілді.
Аталған акцияға екі мыңнан астам ұйым мен мекеме, оның ішінде 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмылдырылды.
Балаларды тасымалдау қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Көліктік бақылау органдарымен бірлесіп, үш мыңнан астам мектеп автобусы тексерілді. Тексеру нәтижесінде 400-ге жуық техникалық ақауы бар көлік құралы анықталып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 200-ден астам нұсқама берілді.
Сондай-ақ жас жол инспекторларымен бірлесіп, жолда жүру қағидаларын насихаттауға бағытталған мыңға жуық профилактикалық және үгіт-насихат іс-шаралары өткізілді.
Полиция ата-аналарды, жүргізушілерді және барлық жол жүрісіне қатысушыларды жазғы демалыс кезеңінде барынша мұқият болуға шақырады. Балалардың қауіпсіздігі – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Балаларды қорғап, жолда жүру қағидаларын сақтайық! – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1229243?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау