Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2026» Конкурсына өтінім қабылдау жүргізілуде.
«Парыз» конкурсы – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін және қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырып, арттыруға бағытталған.
Байқау жыл сайын Мемлекет басшысының қолдауымен республика көлемінде ұйымдастырылады. Конкурс өңірлік және республикалық яғни екі кезеңнен тұрады. Ең басты ерекшелік – конкурсқа қатысу тегін.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;
2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Шарт бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында жеңімпаздар номинация бойынша крнкурстың лауреаттары атақтары беріледі.
Олар :
- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
- «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
- «Үздік ұжымдық шарт»;
- «Экологияға қосқан үлесі үшін»;
Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.
Конкурсқа қатысуға:
1) шағын және орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілері;
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттары hr.enbek.kz сайты арқылы қабылданатын болады. Өтінімдер 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.
Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:
1) Ережедегі қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім; (Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын өткізудің ережесі)
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;
Үміткердің есебінде:
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
Анықтама үшін : Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын өткізудің ережесі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1229244?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау