«БІЛІМІМ — ОТАНЫМА»: МЕРКІДЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Меркі ауданындағы барлық мектептерде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау іс-шаралары өтті. Соның бірі №44 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған «Білімім – Отаныма» атты салтанатты кеш болды.

Іс-шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, аудандық прокуратураның аға прокуроры Алмас Борантаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Зауре Абдрасилова, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Салтанатты жиында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тілеп, ел болашағына қызмет ететін білімді әрі саналы азамат болуға шақырды.

Биыл №44 мектеп-гимназиясын 66 түлек тәмамдаса, мектеп бойынша 1111 оқушы оқу жылын аяқтады. Оның ішінде 220 оқушы – озат, 526 оқушы – екпінді. Оқу жылы барысында мектеп оқушылары түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда жоғары жетістіктерге жетті.

Кеш барысында түлектер мектеппен қоштасу сәттерін әсерлі әндермен өрнектеп, ұстаздарына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар мектеп бітірушілер дәстүрлі соңғы вальс биін билеп, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, биыл Меркі ауданы бойынша 16 695 оқушы оқу жылын аяқтап отыр. Оның ішінде 49 оқушы – «Алтын белгіге», 87 оқушы үздік аттестатқа үміткер.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1229413?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version