Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында жас ғалымдар мен студенттерге арналған «Ғылым және Болашақ – 2026» облыстық ғылыми-практикалық конференциясының бағдарламасына қатысып, жастардың ғылыми ізденістері мен білім саласындағы бастамаларына қолдау білдірді.
Конференция барысында ғылым мен білімнің өзекті бағыттары талқыланып, жас зерттеушілердің тың идеялары мен жобалары таныстырылды. Сонымен қатар, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың ғылыми әлеуетін дамыту және қоғамдағы белсенділігін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1229412?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау