Қарағанды облысының аумағында ауқымды республикалық «ӨРТ-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28-29 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірлерінде табиғи өрттер туындаған жағдайда азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде.

Оқу-жаттығудың алғашқы кезеңі 28 мамыр күні сағат 08:00-де басталды. «Дабыл-1001» сигналы бойынша Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштері толық дайындыққа келтірілді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы ірі ауқымды табиғи өрттердің туындау қаупі туралы «Жалын» сигналын жеткізді.

Бірінші кезең барысында басқару органдарының жедел ахуалды бағалау, шешім қабылдау және табиғи өрттерді жою іс-шараларын үйлестіру алгоритмдері пысықталды. Мемлекеттік органдардың жедел топтары мен республикалық оқу-жаттығу штабы мүшелерінің жиыны өткізіліп, оларға қойылған міндеттер мен өзара іс-қимыл тәртібі жеткізілді.

Қарағанды облысының аумағында оқу-жаттығуға 179 қызметкер, 52 техника бірлігі, оның ішінде арнайы техника, 4 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» әуе кемесі жұмылдырылды.

«Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға, төтенше жағдайларға ден қою бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге және азаматтық қорғау қызметтерінің өрт қауіпті кезеңге дайындығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1229411?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version