Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Меркі аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға Меркі ауданы әкімінің м.у.а. Мейірхан Өмірбек, мәдениет саласының қызметкерлері, ардагерлер мен өнерпаздар қатысты. Шара барысында Мейірхан Өмірбек сөз сөйлеп, мәдениет саласы өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар мамандар аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, аудандық мәслихат пен AMANAT партиясы аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Кеште сала ардагерлері Қыдыралы Бөрібаев пен Алтын Нұрсипатқызы ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, Жамбыл облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тарапынан да марапаттар табысталды.
Мерекелік концертте «Меркі әуендері» ансамблі, «Ертөстік» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері және «Хассақ» тобы өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. Кеш «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
Айта кетейік, биыл ауданда мәдениет саласында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асып, маңызды мәдени іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1229372?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау