Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті де қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – мейірімділік пен жанашырлықтың, татулық пен бірліктің мерекесі. Бұл күндері халқымыз қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, адамгершілік пен рухани құндылықтарды дәріптейді.
Айт мерекесі әр шаңыраққа қуаныш, құт-береке, молшылық пен амандық әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, әр отбасында бақыт пен шаттық орнасын.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, игі істеріңізге табыс тілеймін. Баршаңыздың дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-egin/press/news/details/1229371?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау