2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша мынадай шаралар көзделген.
Арнаулы әлеуметтік төлем келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
1) 55 және одан жоғары жасқа жету.
2) 7 жыл және одан жоғары мемлекеттік кәсіптік зейнетақы жарнасының төлеу фактісінің болуы, яғни 84 ай.
3) Еңбек қызметін тоқтату (зиянды факторларды болдырмайтын басқа жұмысқа ауысуы).
Арнаулы әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру төлемді ресімдеу сәтіндегі зиянды жағдайлардағы жұмысқа байланысты төрт немесе екі қаржыландыру көзінен жүзеге асырылатын болады.
Арнаулы әлеуметтік төлем проактивті түрде, яғни жұмыскерлердің өтінішінсіз тағайындалады және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ресімдейтін төлем тапсырмасы негізінде біріңғай төлеммен жұмыскердің банктегі шотына түседі. Төлем мөлшері төрт көзден алынған жағдайда орта есеппен шамамен 208 мың теңгені құрайтын болады. Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін төлемдер тоқтатылады.
Арнаулы әлеуметтік төлемдер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді қорғау құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан төлем алушы еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыса алмайды.
Осылайша, егер адам төлем алу құқығын іске асырса және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға орналастырылса, онда барлық көздерден төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.
1) Арнаулы кәсіптік төлемі (бюджет) – 2 күнкөріс деңгейі (86814 теңге)
2) Сақтан. төлемі (ӨСҚ) – 1 күнкөріс деңгейі (43407 теңге)
3) Кәсіп.төлемі (Жұмыс беруші) – 1 күнкөріс деңгейі (43407 теңге)
4) Мемлекеттік кәсіптік зейнетақы жарнасы және мемлекеттік зейнетақы жарнасы есебінен(Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) – жинақтау негізінде төленеді.
2024 жылғы 1 қаңтарына дейін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысқан жұмыскерлерге 2 қаржыландыру көзінен жүзеге асырылады.
1)Арнаулы кәсіптік төлемі (бюджет) – 2 күнкөріс деңгейі (86814 теңге)
2)Мемлекеттік кәсіптік зейнетақы жарнасы және мемлекеттік зейнетақы жарнасы есебінен(Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) – жинақтау негізінде төленеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1229329?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау