Шымкент қаласы аумағында 2026 жылғы 28-29 мамыр аралығында «Өрт-2026» республикалық-командалық штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанай қаласында орналасады.
Оқу-жаттығудың мақсаты орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау болды.
«Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Шымкент қаласында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.
Штабтың негізгі мақсаты – орман-дала өрттері туындаған жағдайда азаматтық қорғау қызметтері мен орман шаруашылықтарының өзара іс-қимылын үйлестіру, күштер мен құралдарды тиімді басқару, жедел шешім қабылдау және ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды одан әрі жетілдіру.
Оқу-жаттығу барысында шартты төтенше жағдайларға байланысты жедел ақпараттарды қабылдау, күштерді бағыттау, эвакуациялық және профилактикалық іс-шараларды үйлестіру мәселелері пысықталатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1229468?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау