Ақтөбе облысында білім беру жүйесіндегі «5Б» жобасы жүзеге асырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуға және оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «5Б» жобасын жүзеге асыру жалғасуда.

Жоба екі кезең бойынша іске асырылуда. І кезеңде жобаға Алға, Ырғыз, Ойыл аудандары мен Ақтөбе қаласындағы 35 білім беру ұйымы енгізілсе, II кезеңде оған қосымша тағы 25 білім беру ұйымы қосылды.

Бүгінде жоба аясында 281 педагогтен құралған шығармашылық топ жұмыс жасауда. Жобамен жалпы саны 11 734 оқушы мен 1492 педагог қамтылған.

Жобаны іске асыру барысында оқушылардың білім сапасын мониторингілеуге және білім беру үдерісін талдауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда 3529 оқушыдан аралық бақылау жұмыстары алынып, 903 сабаққа мониторинг жүргізілді.

Сырттай аралық бақылау жұмыстары 3, 8 және 10-сынып оқушылары арасында негізгі пәндер бойынша өткізілуде. Алынған нәтижелер тоқсандық және жылдық білім сапасы көрсеткіштерімен салыстырылып талдануда.

Сонымен қатар жоба аясында педагогтермен жүйелі әдістемелік жұмыстар жүргізілуде. Семинарлар, шеберлік сыныптары, панорамалық сабақтар, кездесулер және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. «5Б» жобасы тиімді білім беру тәжірибелерін енгізуге, оқыту сапасын арттыруға және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруға ықпал етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1229469?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version