АУДАН ӘКІМІНІҢ АҚШАТАУ МЕН АҚЖАЛ КЕНТТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі М.Мұхтаров ауылдық округтер мен кент тұрғындарымен ағымдағы жылдың І жартыжылдығына арналған есептік кездесулері басталды.
Бекітілген кестеге сәйкес, аудан басшысының алғашқы жұмыс сапары Ақшатау және Ақжал кенттерінде өтті. Сапар барысында кент әкімдерінің есепті кезеңде атқарған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
Жиынға ауданның бейінді бөлім басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға заңнамалық және салалық түсініктемелер берді.
Кездесулер ашық пікір алмасу және сұрақ-жауап форматында өтіп, тұрғындар тарапынан инфрақұрылымды дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелер көтерілді.
Ақшатау кенті бойынша: Тұрғын үй кезегі және баспанамен қамту, ішкі автомобиль жолдарының жағдайы, көшелерді абаттандыру және электр энергиясының тұрақтылығы.
Ақжал кенті бойынша: Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және тұрғын үй мәселелері.

Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі М.Мұхтаров кездесуде айтылған барлық ұсыныс-пікірлер мен басым бағыттар бойынша көтерілген мәселелердің заң шеңберінде шешілуін кент әкімдеріне және бөлім басшыларына тапсырды.

Тұрғындармен кездесу есептік кездесуден кейін, аудан басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, өтініштердің хаттамаға енгізілуін және тиісті бөлімдерге тапсырылуын қамтамасыз етті.

Жұмыс сапары аясында аудан әкімі Ақжал кентіндегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйімен танысты. Атқарылған жұмыстарды тексеру барысында Ақжал кентінің 5-ықшамауданында жаңадан салынған заманауи балалар ойын алаңы мен спорт алаңының сапасы қаралды.
Аудан басшысы абаттандыру жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы орындалуын жоғары бағалап, жергілікті әкімдік пен кент тұрғындарына аталған спорттық-ойын кешенін күтіп ұстау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1231417?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version