2026 жылғы 28 мамырда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Атбасар көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының «Ақмола магистральдық желі бөлімшесіне» қарасты Атбасар станциясының қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинар барысында еңбек ұжымдарында жүрек-қан тамырлары аурулары мен қауіп факторларының алдын алу, тағамнан уланудың профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Мамандар жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын атап өтті. Соңғы жылдары бұл аурулар тек егде жастағы адамдар арасында ғана емес, жастар арасында да жиі кездесуде. Қатысушыларға инсульт, миокард инфарктісі, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, атеросклероз және жүрек ырғағының бұзылыстары сияқты жүрек-қан тамырлары аурулары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ дұрыс және теңгерімді тамақтану, дене салмағын қалыпты деңгейде сақтау, физикалық белсенділікті арттыру, зиянды әдеттерден бас тарту, күйзелістің алдын алу, еңбек пен демалыс режимін сақтау, артериялық қысымды, қандағы холестерин мен қант деңгейін тұрақты бақылау қажеттілігі түсіндірілді. Бұдан бөлек, профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өту және медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындаудың маңыздылығы атап өтілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға денсаулықты сақтау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторларының алдын алу жөнінде ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1231419?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау